«Қазақстан халқы тілдер күні»

Апта соңында Орталық Азия Инновациялық университеті, «Тілдер және әдебиет» кафедрасы ұйымдастырған «Қазақстан халқы тілдер күні» атты онкүндіктің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Аталмыш іс- шаралар тіл мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған болатын. Онкүндік барысында студенттер тарапынан ауқымды бірнеше шаралар жасалды. Атап айтсақ : 14 -қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай,қазақ, орыс,ағылшын тіл мамандығында оқитын білім алушылар бірге «Тіл – халық мұрасы» атты әдеби-танымдық , сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде 1,2 — курс білім алушылары өлең оқып,ән салып,би билеп өнерлерін ортаға салды. ? күні «Мықты болсаң,тауып көр» атты танымдық, ойын-сауықтық викториалық жарыс ұйымдастырылды. Бұл ойынның ережесі бойынша білім алушылар арасында өзара топқа бөлініп мақал -мәтелден, қанатты сөздерден, тіл жайындағұламалардың ой-толғауларын айтудан жарыс өтті. Соңғы жабылу салтанатында, білім алушылар тілдің қадір — қасиетін тізбектеп, көпшілікке паш етті. Қазақстандағы көп ұлттардың тағамдарын таныстырып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Шара соңында ұйымдастырушы алқасы, белсенді білім алушыларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Share this Post