«Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляцияға қарсы атқарылған іс-шараларының тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел

Апта басында Орталық Азия Инновациялық университетінің «Басқару және қаржы» кафедрасы, «Бизнес» мамандықтарының «Қазақстанның экономикалық  дамуына жастардың қосар үлесі» атты апталықтың ашылуымен басталған болатын.

 17-қараша күні осы апталықтың жалғасы ретінде  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляцияға қарсы атқарылған іс-шараларының тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Модератор: э.ғ.к. Иманбаев А.А.Дөңгелеу үстел барысында ЕА-01 тобының студенті Адихан Динара «Қазақстан Республикасының  Ұлттық валютасы –Теңгенің тарихы мен қаржылық дамудағы атқаратын ролі» тақырыбында баяндама жасады.ҚЖ-91 тобының студенті  Бәкір Жанель «Қазақстандағы инфляциялық ахуал және құнсыздануға қарсы іс-шаралар» тақырыбында презентация – ақпараттық шолу және 506-18 тобының студенті Бекбосын Айдана «Тұтыну нарығында баға өсімін тұрақтандыру мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Аталмыш тақырыптағы іс – шараға университетпен тығыз кәсіби серіктес болған бірнеше  жұмыс берушілер қатысты.Атап айтсақ,«Эко-фарм» ЖШС директоры  Таласов М.Ж сонымен  бірге,«Жеңіс-Астана 2007» ЖШС директоры: Ризаходжаев А.А. және  «BASHPAY» ЖШС бас есепшісі Қожасова У.Ж. Шара соңында белсенділік танытқан білім алушылар мен жұмыс берушілерге  Алғыс хаттар табысталды.

Share this Post