Қазақстан Республикасы күніне арналған Мәдени іс-шара

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің профессор — оқытушылар құрамы мен білім алушылары үшін 25 қазанда Республика күніне арналған салтанатты мәдени іс — шара ұйымдастырылды. Ресми бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінен басталды, одан әрі университеттің бірінші проректоры Ақмалдин Сапардинұлының құттықтау сөзі айтылды. ЖОО басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы және модераторы Қаратау ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Төлебай Бекзат Октябрьұлы болды. Іс-шара барысында осы күннің тарихи маңызы туралы баяндама оқылды. Содан кейін іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Share this Post