Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті

Ағымдағы жылдың 30 — қараша күні Орталық Азия Инновациялық университетінде 1 – желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған арнайы дөңгелек үстел болып өтті. Шараны университеттің Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Н.Ш.Хайдаров ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Осы күннің маңыздылығына тоқталып, Қазақ халқы үшін жасаған еңбектерін атап өтті. Бұдан соң сөз тізгінін п.ғ.д., профессор Мусабекова Гульнар Тәжібайқызы алып, Елбасының өімрбаяны,қызметі, елге қосқан үлесі жайында баяндама оқыды. Дөңгелек үстелді білім алушылардың «Көк тудың желбірегені» әні жалғастырды. Шараға қатысушы 2 курс білім алушылары тұңғыш Президент туралы тың мәліметтер беріп, «Елін сүйген Елбасы» атты бейне роликті презентациялады. Қызықты ақпаратқа толы шарада тіпті 3 курс білім алушысы Маханбаева Эльмира Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арнаған арнауларын мәнерлеп оқыды. Жалпы, дөңгелек үстел танымдық, ақпараттық сипатта өтті.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>