Қадір түні қарсаңында орталық мешіттің найб имамымен кездесу өткізілді

Орталық Азия инновациялық университетінің білім алушыларымен Қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы Мусабек Актамбердімен кездесу өткізілді. Кездесуге 50 шақты білім алушы, сонымен бірге Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы қатысты. Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салып, пікір алысты және Қадір түнін қалай өткізу керектігімен Діни экстремизмнің ықпалының алдын алу жайлы сөз қозғады.

Share this Post