Чемпиондарымызбен кездескен тарихи күн

 Бүгін Орталық Азия инновациялық университетінің білім алушылары мен профессор – оқытушылары Қазақстан, Азия,Әлем чемпионаттарында спорттан жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан туын көкке көтеріп жүрген чемпион студенттерімен кездесті. Кездесу ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтті. Ең алдымен түлектеріміз бен студенттерімізді құрметпен күтіп алған білім алушыларымызды университет ректоры қабылдап, арнайы құттықтады. Одан соң Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Белградта өткен бокстан Әлем чемпионатының чемпионы, университет түлегі Сәкен Бибосыновқа университет басшылығы 1 000 000 теңге сыйақы, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1- курс студенті Грецияда (Родос) өткен Шахматтан әуесқойлар арасында Әлем чемпионатында 2 орын иегері — Султанбек Зейнепке 4 жылға ОҚУ ГРАНТЫ сондай – ақ,
Армрестлингтен (қол күрес) (Румыния) Бухарестте өткен Әлем чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде 3 орын иегері, Пірмбет Абзал Желдібайұлына ОҚУ гранты, Кикбоксингтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Италияда өткен Әлем чемпионатында 3 — орын иегері, «Дизайн» мамандығының студенті Қуандықов Батырхан да ОҚУ ГРАНТЫ
және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2- курс студенті,ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша Қазақстан чемпионы және 2022 жылдың қаңтар айында БАӘ өтетін әлем чемпионатының жолдамасын жеңіп алған Мырзабеков Бақдәулетке ОҚУ ГРАНТЫ сертификаттарын табыстады. Спортшылар журналистер мен студенттер сұрағына жауап беріп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ бүгін университетке арнайы жазылған әннің тұсауы кесілді. Әннің авторы әрі орындаушысы «Экология» білім беру бағдарламасының 3 -курс білім алушысы М.Н. Орынбаев. Автордың «Very good» деп аталған төл туындысы біздің спортта жүрген мақтаныштарымызға арналған.

Share this Post