«Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы экология және су ресурстары мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми семинар

Орталық Азия Инновациялық университеті ғылыми –зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы экология және су ресурстары мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми семинар болып өтті.

Семинарға М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Механика ғылыми – зерттеу институтынан физика – математика ғылымдарының кандидаттары Р.К.Багбеков пен Ю.М.Фельдшеров, Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизацияландыру институтынан кафедра меңгерушісі, геология – минерология ғылымдарының докторы, профессор Б.Д.Абдуллаев және Өзбекстан Ғылым Академиясы Гидроингео ғылыми – зерттеу институтының директоры, философия докторы (PhD) Г.А.Бимурзаев пен осы мекеме қызметкерлері, сонымен қатар,бірнеше Қазақстандық ғалымдар өздерінің ғылыми баяндамаларымен қатысты.

Ғылыми семинардың басты мақсаты — Қазақстанның шөлді аймақтарында көкеніс және бау — бақша өнімдерін өсіру үшін суды пайдаланудың және оны үнемдеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіру.

Болашақта аталған бағыт бойынша халықаралық және қазақстандық қаржыландырылатын грант байқауларына қатысу үшін ғылыми жобалар дайындау және сол мақсатта Орталық Азия инновациялық университетінде ғылыми — зерттеу орталығын ашып, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін арнайы қор құру.

Әр тарап өздерінің мемлекеттеріндегі проблемалармен бөлісіп, ортақ шешудің жолдарын қарастырды. Семинар барысында семинарға қатысушы профессор – оқытушылар тақырыпқа қатысты ой пікірлерімен,ұсыныстарын ұсынса, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>