Хабарландыру!

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (ҚР БҒМ 30.10.2020 № 466  бұйрығымен өзгеріс енгізілген) сәйкес ҚР БҒМ ағымдағы жылғы қазан айында ресми интернет-ресурста «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы жариялады.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін  ЖЖОКБҰ ағымдағы жылғы қараша айында БҒМ АЖ немесе қағаз тасығышта үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді.

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО Үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

      4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;

      5) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.

         Конкурстық құжаттама БҒМ АЖ-не тіркеледі немесе қағаз тасығышта түпнұсқада ұсынылады. Мақалаларға белсенді сілтемелерді көрсету, халықаралық сертификаттарды тексеру міндетті болып табылады

Ескерту: БҒМ АЖ https://universitycontest.iac.kz/ осы сайт арқылы жүргізіледі, 1 қарашадан бастап толтырылады.

Share this Post