Университет делегациясы Ташкентте өткен Өз ҒА Жалпы және бейорганикалық химия ғылыми – зерттеу институтының директоры х.ғ.д., профессор Хасан Турабович Шариповтің 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференцияға қатысты
Ағымдағы жылдың 11-13 мамыр күндері аралығында Ташкент қаласында Өз ҒА президенті академик Б.С.Юлдашевтің төрағалығымен Жалпы және бейорганикалық химия ғылыми – зерттеу институтының директоры х.ғ.д., профессор Хасан Турабович Шариповтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Пайдалы қазбаларды өңдеудің инновациялық технологиялары және техногендік шикізат, химия, металлургия, мұнай – химия өнеркәсібі және құрылыс өндірісі материалдары» атты шет елдік ғалымдардың қатысуымен Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті.
Аталған конференцияға Ресей, Беларуссия, Өзбекстан ғалымдарымен қатар, Қазақстанның да ғалымдары қатысты. Құттықтағандар арасында Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры А.С.Ажидинов бастаған делегация да қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.
