УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ АНЫҚТАЛДЫ

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ОАИУ-нің тәрбие істері мен жастар ісі бөлімі дәстүрлі «УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ — 2022» байқауын ұйымдастырды. Байқауға өзіне сенген 10 ару бақ сынап,бар өнерлерін паш етті. Жалпы 4 кезеңнен тұратын байқаудың бағасын әділ беретін қазылар алқасы құрамы таныстырылған соң байқау басталып кетті. Қазылар алқасының төрайымы — ОАИУ-нің президен кеңесшісі Айғаным Тұрдықызы болса, мүшелері: Жастар ресурстық орталығының директоры Шыңғыс Мағжан, Шымкент қаласының Салт — дәстүр орталығының директор орынбасары Гүлшат Жаханқызы, Альфа академия білім беру орталығының Шымкент қалалық филиалы директоры Айгерім Асқарбекқызы, сонымен бірге КӨРКЕМ бастауыш партиясының жетекшісі Гүлайым Шунгараевалар. Әр кезеңнің шарттары өте қызықты және тартысты өтті. Аруларымыздың білімі, әртістік қабілеті, өнері, сыр-сымбаты бағаланған байқау негізінен университет ректоры және демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған болатын.

Байқауға қатысқан 10 аруымыздың тағдыры төмендегі көрсеткішпен бағаланды:
«ӨНЕРЛІ АРУ» номинациясымен БАЙМАХАН МЕРЕЙ марапатталды. «БІЛІМДІ АРУ» номинациясы АЙТОЛҚЫН есімді аруымызға бұйырса, «БАЙҚАУ ЖҰЛДЫЗЫ» номинациясын Шауполатова Жібек иемденді. Сондай — ақ «ҚЫЛЫҚТЫ АРУ» номинациясының иегері ЖАҚСЫБЕКОВА ӘСЕМ деп танылса,» КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинанты ҒАНИ АЛЬБИНА. Қазылар алқасы тарапынан тағы «ЕРЕКШЕ АРУ» номинациясы тағайындалды. Ол номинация иегері — УРАЗОВА ГҮЛЖАЙНАҒА бұйырды. НОМИНАНТТАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Айта кетейік номинацияға ие болған марапат иелері республикамыздағы ең үздік білім беретін «Альфа акакдемиясына» 50 000 теңгелік сертификат және Шымкент қаласындағы «СТРОНГ» жаттығу залына 1 айға сертификат сондай ақ,» АртКлей» қолөнер орталығына сертификатқа қол жеткізді.

ЕНДІ ЖЕҢІМПАЗДАРҒА КЕЗЕК БЕРЕЙІК…
ЖҮЛДЕЛІ ІІІ — ОРЫН ИЕГЕРІ БЕРДІҚҰЛОВА МЕРУЕРТ есімді аруымыз жеңіп алды. ЖҮЛДЕЛІ ІІ — ОРЫН ИЕГЕРІ — АЙДАНА ТАЛҒАТҚЫЗЫ АТАНДЫ. ЖҮЛДЕЛІ І — ОРЫНДЫ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ СЫМБАТ ИЕМДЕНСЕ, БАС ЖҮЛДЕ — БАТЫРБЕК ТОҒЖАНҒА БҰЙЫРДЫ. Осы ретте ескеретініміз, әр жүлделі орынға ректордың қаржылай сыйлығы табысталды.
Жүлдегерлеріміз бен қатысушы номинанттарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Share this Post