ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Орталық Азия Инновациялық университеті әр аудандарда мектепті бітіріп жатқан түлектерге пән аралық ОЛИМПИАДА өткізіп жатқаны белгілі.
Бүгін де Төле би ауданының түлектері үшін ГЕОГРАФИЯ пәнінен олимпиада өткізді. Ережеге сәйкес олимпиада екі кезеңнен тұрады. Аудан бойынша 38 түлек қатысуға ниет білдіріп, ІІ — кезеңге тек 10 оқушы ғана қалды. ІІ — кезеңнен сүрінбей өткен аҚҚҰМ АУЫЛЫНДАҒЫ Қ.Тыныбеков АТЫНДАҒЫ жом-ң оқушысы Дарханбай Малика ІІ орынды иеленсе, Диханкөл ауылының ДИХАНКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ оқушысы Мұратбек Қарақат ІІІ — орынға табан тіреді. Жүлделі І — ОРЫН мен УНИВЕРСИТЕТТІҢ 4 ЖЫЛҒА БЕРІЛЕТІН ГРАНТЫН — Қазығұрт ауылының ҚАЗЫҒҰРТ жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы — ІЛИЯС ЖАННИЕТ ЕРДЕНҚЫЗЫ ұтып алды. Қатысушыларды уақыт бөлгендері үшін алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта басқа аудандарға да ұйымдастырылатынын ескерте кетейік.

Share this Post