Тәуелсіздік басты құндылық

2021 жылдың 25-қараша күні Орталық Азия Инновациялық университетінде «Тәуелсіздік басты құндылық» атты Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу өткізілді. Шараны университетіміздің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Хайдаров Нурлан Шахизиндаевич ашып, қонақтарға сөз берді. Іс-шара қонақтары Туртбаева Кульжархын Кадыркуловна, Турлыбекова Сәуле Мергенбайқызы, Абенова Гульмира, Бекбосынов Ермек 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, білім алушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында университетіміздің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Share this Post