Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ғылым мен білім беруді дамытудың басым бағыттары»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Орталық Азия  Инновациялық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ғылым мен білім беруді дамытудың басым бағыттары»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтті. Екі күн бойы өтетін шараға  Қазақстанның бірнеше ЖОО мен Ресей, Беларусия, Туркия, Өзбекстан, Қытай мемлекеттерінің ЖОО  профессор – оқытушылары және де алғашқы басшылары   онлайн форматта баяндама оқыды. Конференцияда бірінші болып, бас  тарихшы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кабульдинов Зиябек Ермұханұлы баяндама жасап Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктеріне баса мән берді.

Түркиялық ғалым, ғылым докторы, Ыстамбұл университетінің құқық факультетінің профессоры, Фетхи Гедикли Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап Қазақ-Түрік достығы мен әріптестігіне негіз болатын Ғылым мен білім берудің дамуы екеніне назар аударды.

«Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы сөз кезегінде Орталық Азия  Инновациялық университеті ұжымына, конференция жұмысына сәттілік тілеп, екі университет арасындағы әріптестік байланыстар жоғары деңгейде дамитынына сенім білдірді.

Сондай-ақ конференцияда  Беларуссиялық ғалымдар, Олег Викторович Хижевский п.ғ.к., Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Вашко Оксана Александровна, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті, Рессейлік ғалым Шлейюк Светлана Геннадьевна, өнертану кандидаты, доцент, Орынбор мемлекеттік университеті, Өзбекстандық ғалым Эгамбердиев Фармонкул Турсункулович, э.ғ.д., профессор. Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Орталық Азия Инновациялық университетіннен  п.ғ.д., профессор Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы баяндама жасады.

Конференция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылғандықтан сөз алған әрбір қатысушы ең алдымен Қазақстандықтарды және де университет ұжымын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Одан бөлек жарыссөз барысында тараптар университет арасында өзара ынтымақтастық, іскерлік байланысты нығайта отырып академиялық ұтқырлық аясында жұмыс істеуге уағдаласты.

Іс – шара екі күнге ұйымдастырылғандықтан, әрмен қарай баяндамашылар секцияға бөлініп  өз баяндамаларын  кеңенен жалғастыратын болады.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>