«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» атты ашық тәрбие сағаты

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА орай, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «Педагогика және бизнес» факультетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері -«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Желтоқсан құрбандарын еске алумен басталған шарада «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында бейнероликтің көрсетілімі болды.
Іс-шараны ашып, алғы сөзін сөйлеген педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ысқақ Бегман Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызды жастарға айта келе,жиылғандарды құттықтады. Сонымен бірге арнайы құттықтау сөз университеттің тәрбие істері жөніндегі проректоры Н. Ш. Хайдаровқа берілді. Ашық тәрбие сағатының сценарийіне сәйкес студенттер тарихи оқиғалар тізбектелген сандардан мысал келтіре отырып «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақстың Ресеймен қосылуы», «КСРО ға енуімен болуы»сонымен бірге, «1991 жыл мен 2015 жылдар аралығындағы Қазақстан» мен «Өркениетті мәңгілік ел – Қазақстан» тақырыптарына бөлінген хронологиялық баяндама оқыды. Патриоттық тақырыпта әндер орындалып, арнаулар айтылды.

Share this Post