Тілдер және әдебиет

Бакирова Шолпан Абдикеримова, Филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі-137, ОАИУ Kaf_fil.Ukgi@Mail.Ru

Кафедраның миссиясы-заманауи қоғамның сапалы экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздік білім беру саласының жағдайымен, ғылымның дамуымен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық қолданудың тиімділігімен анықталады.

Қазіргі әлемде білім мен ғылымның құндылығы қалың жұртшылықты танумен қатар адамзаттың рухани қазынасының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы-қоғамның қарқынды дамуына негіз болатын ғылым мен білімді біріктіру. Осыған байланысты университеттер білім, ғылым және ағарту идеалдарына қызмет ету, зияткерлік еркіндікті іске асыру, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына қомақты үлес қосу, жас ұрпақты тәрбиелеу үлгілері ретінде қарастырылады.

Кафедра классикалық университеттердің дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргетастылығын сақтайды. Кафедрада бакалаврлардың үш мамандығы дайындалады. Олар:

6В01701 — қазақ тілі мен әдебиеті;

6В01703-орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті;

6В01702-Шет тілі: екі шет тілінің мамандықтары.

7М01701-қазақ тілі мен әдебиеті;
7М01702-шет тілі: екі шет тілі;

2020-2021 оқу жылында «тілдер» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде ғылым докторы – 1, профессор – 1, ғылым кандидаттары – 14, доцент – 4, аға оқытушы – 4, магистр аға оқытушылар – 6. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ПОҚ саны 56,0% — ды құрады. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың орташа жасы-45 жас.

Аты-жөні ҚызметіҒылыми дәрежесі
6В01704 —Қазақ тілі мен әдебиеті  
1Досжан Р.аға оқытушыф.ғ.д.
2Бахадырова С.профессорф.ғ.д.
3Бакирова Ш.А.кафедра меңгерушісіф.ғ.к.
4Жакипбеков Б.А.аға оқытушыф.ғ.к.
5Қалыбеков Б.Е.аға оқытушыф.ғ.к.
6Тоқтағұл Б.С.аға оқытушыф.ғ.к.
7Даулеталиева Д.М.аға оқытушы 
8Салықбаева Г.М.аға оқытушы 
6В01703- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
1Киргизбаева Р.Д.доцентф.ғ.к.
2Джаксылыкова Ф.доцентп.ғ.к.
3Гусейнова В.М.доцентп.ғ.к.
4Длимбетова Б.С.аға оқытушып.ғ.к.
5Алиева Г.А.аға оқытушыф.ғ.к.
6Душанова К.А.аға оқытушы 
7Закирова Г.Ф.аға оқытушы 
8Ажибекова Г.О.аға оқытушы 
9Айдарбекова А.А.аға оқытушы 
10Тажибаева Ж.Ш.аға оқытушы 
11Бурханова Э.Т.оқытушы 
6В01705 —Шетел тілі:екі шетел тілі
1Таукебаева Р.Б.доцентф.ғ.к.
2Осымова Г.У.оқытушымагистр
3Мейірбек Н.Қ.аға оқытушымагистр
4Умирзакова А.С.аға оқытушымагистр
4Избасарова А.оқытушымагистр
6Корпешова С.Ж.оқытушы 
7Томарбаева С.аға оқытушымагистр
7М01702- Шетел тілі:екі шетел тілі 
1Османова Р.А.аға оқытушыф.ғ.к.
2Жумабеков А.аға оқытушып.ғ.к.
3Керимбаев А.Е.аға оқытушыф.ғ.к.
4Ереханова Ф.аға оқытушыф.ғ.к.
5Турсынова Т.Ж.аға оқытушымагистр
6Болатова А.А.аға оқытушымагистр
7Алибекова М.аға оқытушымагистр
8Шойманова М.Б.аға оқытушыф.ғ.к.
9Жорабекова А.Н.профессорPhD

 Орталық Азиялық Инновациялық университетінің «Тілдер және Әдебиет» кафедрасының тәрбие қызметін іске асыруда басымды бағыттарды дамыту: қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Бірегей Еңбек Қоғамы» идеясын іске асыру, заманауи рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жемқорлықпен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылыққа тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық мәдениетті және салауатты өмір салтын жетілдіру және т.б., жастар ұйымы және бірлестіктердің қызығушылығы бойынша іс-шаралар өткізілді.

Тәрбиелік іс шаралар сапалы ұйымдастыруға көмек көрсетіп; тәрбиелік іс шара өткізуде оқытушылар көптеп   сабақтан тыс тәрбие қызметінде және студенттерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастырып, кездесулер, дөңгелек үстелдер, әңгіме, студенттермен жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша тәрбиелік іс шаралар ұйымдастырылды, салтанатты, мәдени және қоғамдық маңызды іс шаралар өткізілді. Сондай-ақ кафедра оқытушылары жоспар бойынша өздеріне бекітілген іс-шараларды  мерзім бойынша өткізіп отырды. Атап айтсақ:

 15.11.2020 жылы «Үштұғырлы тіл-ұлт болашағы» тақырыбында өткен тәрбие сағатына ШТ-01 тобының белсенді студенттері қатысты. Тәрбие сағаты ZOOM платформасында онлайн түрде өтті. Студенттер Үштілділік мәселесін жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды .

Тәрбие сағатында егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жасаған жылдар барысындағы ерен еңбек жолы түсірілген бейне материал, видеролик көрсетілді студент жастарға.

Cонымен бірге студенттер арасында векториналық сұрақтар ойнатылып, Елбасы өмірі туралы біраз сұрақтар қойылды. Тәрбие сағаты жоспарға сай өз деңгейінде өтті.

«1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Тағдыр.Тарих.Тұлға» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтілді.Тәрбие сағатының мақсаты Рухани жаңғыру бағдарламасы негізде, Қ.Р-ның тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға баяндау.

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр қайратымен еңбек етіп келгендігін студент жастарға насихаттау. Тәрбие сағатында егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жасаған жылдар барысындағы ерен еңбек жолы түсірілген бейне материал, видеролик көрсетілді студент жастарға.

Тәрбие сағатқа тәрбие проректоры Н.Хайдаров мырза,кафедра меңгерушісі,топ тәлімгерлері қатысты.

Желтоқсан айының 15 жұлдызында тәлімгерліктоптарда жемқорлыққа қарсы байланысты, студенттер арасында сессия барысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп әрекет етуде ынтымақтастық таныту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлалс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті өкілдерімен сыбайлас жемқорлық көріністері туралы түсіндірме-ақпараттық жұмыстары жүргізілді.

Тәлімгерлік топтарымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағатын, зуум онлайн форматта өткізді

     

Сәуір айында Тілдер кафедрасының студенттерінің «Жыр алабы- Жамбыл» Жамбыл Жабаевтың 150жылдығына арнайы ашық сабақ болды. Жамбыл атамыздың өлеңдерін, нақыл сөздерін, өсиеттерін еске алып, шығармашылығына тоқталып өтті. Жамбыл атамыздың жан тебірентер әндері мен терең мағыналы сөздеріне тоқталып еске алдынды .Ашық сабаққа «Тілдер» кафедрасының белсенді студенттері және мұғалімдері қатысты. Ер есімі,ел есінде демекші студенттер Жамбыл атамыздың жүрекжарды өлеңдерін оқып Жамбыл атамыздың құрметіне бар өнерлерін көрсетті.

 Мамыр айында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні тойланды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыста құрбан болған батырларымызды еске алып студенттер өз өлең шумақтарын оқыды.

    Тілдер апталығы аясында аға оқытушы Ажибекова Гүлнара Олжабайқызы  -ОТ -01.21 тобының білім алушылары мен «Созвучие муз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты жалпы қазақтың ұлы ақыны  Абай пен ақын А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған.