«Тарихтан тағылым» жобасы бойынша жастармен кездесу

2022 жылдың 19 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің тапсырмасы бойынша, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқарманың қолдауымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым» жобасы бойынша жастармен тақырыптық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: «Тарихтан тағылым» жобасы жас мамандардың білімге, ана тіліне, ел тарихы мен көрнекті қайраткерлеріне деген танымдық қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан-жақты дамыту және тарихи тұлғаларды дәріптеу болып табылады.
Кездесуді Бекбосынов Ермек — халықаралық құқықтану докторы және Анарбаев Қайрат Сапарханұлы — техникалық ғылымдар кандидаты жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға түрлі түсіндірме жұмыстары мен баяндамалар оқылды.

Share this Post