ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ ⁣⁣

АТАЛМЫШ ФЕСТИВАЛЬДЕ ОАИУ ЖАСТАРЫ ЖҮЛДЕЛІ І — ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫҚ.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ⁣⁣ еліміздің салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты февтивалі өз мәресіне жетті. Шараның қорытынды кезеңі 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылып, оған Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары өз өнерін көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. ⁣⁣
⁣⁣
– Жастар арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалі 3 күн бойы жалғасты. Алғашқы күні ер жігіттеріміз ұлттық ойындар бойынша сайысқа түскен болса, екінші күні ару қыздарымыз ұлттық тағамдарын әзірлеген болатын. ⁣⁣

⁣⁣Іс-шараға 14-29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Оларға ұлттық нақыштағы киім үлгісінде болу міндеттелген. Ал фестивалдің әділ өтуін бақылап отыру үшін арнайы төрешелер шақыртылған. Олар: әнші, «Х фактор» өнер сайысының жеңімпазы Астана Қарғабай мен жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Заманбек Орынбеков. ⁣⁣
Фестивальдің қорытынды нәтижесінде жан-жақты белсенділік танытып 1-ші орынға ие болған — Орталық Азия Инновациялық университеті жастары. Марапат құтты болсын!!!

Share this Post