Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінің «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы Шымкент — Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ-ның Қаратау ауданы бөлімі мамандарымен кездесі.
Спикер: Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар мүшесі
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.

Share this Post