Старосталар кеңесінің кезекті жиыны

2022 жылдың 5 — сәуір күні Орталық Азия Инновациялық университетінде Жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы — Ахан Дидардың ұйымдастыруымен старосталар кеңесінің кезекті жиыны өткізілді. Жиын 2022 жылғы Президенттің жолдауын талдау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында ішкі тәртіп ережелері талқыланып, келе жатқан емтихан жайында сөз қозғалды және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Д.Ахан старосталардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, старосталар студенттерінің өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды енгізілсе және әр түрлі байқаулар ұйымдастырылса деген ой-пікірлерімен бөлісті.

Share this Post