СТАРОСТАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ

2022 жылдың 9 — қыркүйек күні Орталық Азия инновациялық университетінде Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы — Ахан Дидардың ұйымдастыруымен старосталар кеңесінің кезекті жиыны өткізілді. Жиынға жаратылыстану-ғылыми факультетінің деканы, Педагогика және тілдер факультетінің деканы мен Аға тәлімгерлер қатысты. Жиын барысында ішкі тәртіп ережелері талқыланып, емтихан жайында сөз қозғалды және старосталардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, старосталар студенттерінің өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды енгізілсе және әр түрлі байқаулар ұйымдастырылса деген ой-пікірлерімен бөлісті.

Share this Post