Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2021 жылдың 29-қараша күні Орталық Азия Инновациялық университетінде Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы – Ахан Дидар Елубайұлы қатысып, өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі, ядролық арсеналдарды ел аумағынан шығару, Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру, сондай-ақ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін іске асыруға қосқан елеулі үлесі болып табылатынын атап өтті. Жаңа халықаралық құрал болып табылатын, яғни Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына Қазақстан 2019 ж. 29 тамызда қосылды.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>