«Сапалы білім мен ғылымның өркендеуі-ел дамуының берік негізі» атты Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінде «Сапалы білім мен ғылымның өркендеуі – ел дамуының берік негізі» атты халықаралық студенттік ғылыми — практикалық конференцияның алғашқы күні басталды. Конференция жоспар бойынша екі күнге жалғасады. Ертең,яғни 15 – сәуір күні Конференцияда келесі бағыттар бойынша секцияларға бөлінді:
1. Инновациялық IT-технологиялар және технологиялық процестерді модельдеу
2. Жаратылыстану: қазіргі заманның сын-қатерлері;
3. Сандық экономика контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім және ғылым.
4. Педагогика және психология
5. Құқық және құқықтық қатынастар
6. Өнер және мәдениет
7. Білім берудегі үш тілділік мәселелері
Аталған студенттердің конференциясына жалпы 378 мақала келіп түсті. Оның ішінде 52 мақала шет елден, атап айтсақ, Болгария, Украина, Польша, Беларуссия және Өзбекстан елдерінен.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде жоғарыда аталған елдер бойынша жоғарғы оқу орындарының өкілдері құттықтады және аталған елдердің студенттері ғылыми баяндамаларын жасады.
Конференцияның салтанатты жабылуында әрбір секция бойынша модераторлар есеп беріп, мазмұнды баяндамалар үшін алғыс хаттармен марапатталады.

Share this Post