Салауатты өмір салтына арналған кездесу

2022 жылдың 18 қазан күні 11:00-де Орталық Азия инновациялық университетінде Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге модератор болып Шымкент каласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі баскармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы — Калмурзаева Айжаркын, ЖИТС-тін алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы —
Жургенбаева Назира, ШЖК Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері — Корганбаева Карлыгаш, Шымкент каласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі -Сембаев Нурлан, Серғали-Түркістан РКБ, жоба үйлестірушісі — Обуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы —
Нурбаев Ерлан, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, Әлем біріншілігінің Чехия елінде — Карловы Вары қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері —
Альжанов Бексултан Бегжанович, Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы —
Молдабаева Айжан Мәдіханқызы мен 100-ден аса білім алушы қатысты. Кездесу барысында арнайы сала мамандары өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ЖИТС-тің алдын алу шаралары жазылған арнайы жарнама қағаздарын таратып, сұрақ-жауап өткізді.
«Бірінші байлық-денсаулық» атты 15 минуттық сергітіу сәті ашық күндер айдары білім алушылармен жүргізді.
ЖИТС-тін алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы — Жургенбаева Назира білім алушылар арасында АИТВ/ЖИТС-ті анықтау мақсатында анонимді түрде 15 минутта дайын болатын талдама жасады.

Share this Post