Рухани жаңғыру – тарихи жәдігерлер ізімен атты тақырыпта  дөңгелек үстел болып өтті   

2021 жылғы 19 қараша күні  Орталық Азия Инновациялық университетінде Қазақстан тарихы және құқықтану кафедрасы мен Ғылыми- зерттеу орталығының ұйымдастыруымен « Рухани жаңғыру – тарихи жәдігерлер ізімен» атты тақырыпта  дөңгелек үстел болып өтті.

Аталған іс – шараға 1. Әл – Фараби атындағы қалалық кітапхананың ғылыми қызметкері Үсенова Ұлжамал ханым,  А.Қуатбеков атындағы ХДУ оқытушысы Игібаева Алма Муратбековна сонымен бірге, Шымкент қаласының найб имамы Арыстанов Үсен Жамбайұлы мен А.Қуатбеков атындағы ХДУ магистр оқытушысы Қабыл Алғабек сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚУ магистр оқытушысы Қасымханұлы Ғалым, Шымкент қалалық № 126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің директор орынбасары Нұртаева Роза ханым мен Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры А.С.Ажидинов пен профессор оқытушылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің алғашқы баяндамасын оқыған және жалпы шаранының модераторы  т.ғ.к. Нартбаев Ш.Ж.

   Бұл іс – шараның мақсаты — Түркістан облысының Төле би ауданындағы Зертас елді мекенінен табылған тарихи жәдігерлермен көпшілікті таныстыру. Үстел басына жарыссөзге шақыртылған қонақтардың осы тарихи оқиғаға қатысы бар. Жоғарыда аты аталған мамандар, Ғ.Қасымханұлы мен Ү.Арыстановтың  осы тарихи жәдігерлер ішінде төте жазу бойынша жазылған  Төлеген Ағыбайұлының және Үшкемпір Тастанбековтің тарихи дастандарын тәржімалауға  үлкен еңбегі сіңген. Олар араб, шағатай тілінен және төте жазу бойынша еңбектерді кирилл алфавитіне аударып, кітаптардың шығуына және оның көпшілікке таралуына орасан зор еңбек сіңірді. Жалпы осы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысқан  Орталық Азия Инновациялық университеті Қазақстан тарихы және құқықтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Шымырбек Нартбаев екенін тілге тиек еткіміз келеді. Дөңгелек үстелге тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студент жастармен қатар Шымкент қаласының № 126 «Айнатас» негізгі мектебінің оқушылары да қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Көрермен құнды дерек көзі ретінде қолжазбаларды көріп, жинақтардың 1,2 томын оқуға мүмкіндік алды. Қатысушылар алдағы уақытта бірігіп ғылыми жұмыстар жүргізуге шешім қабылдап тарқасты.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>