Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінде референдумды түсіндіру жұмыстарына орай арнайы кездесу өтті. Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы және Шымкент қаласы бойынша Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің жетекшісі -Оралбаева Зауре сондай – ақ, аталмыш университеттің ұжымы мен студенттері қатысты.
Жиын барысында Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің жетекшісі референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде қатысушыларды мәслихат депутаты Сұлтанғали Нұрлыбайұлы — елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.