Ректор шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегерін құттықтады

Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры А.С. Ажидинов бүгін жақында ғана Грецияда өткен әуесқойлар арасында шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтанбек Зейнеп Әбденбекқызын қабылдады. Зейнепті жеңісімен құттықтап, табыс, сәттілік тіледі. Естеріңізге сала кетейік, Зейнеп — Орталық Азия Инновациялық университеті Жаратылыстану-техникалық және спорт факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 — курс білім алушысы.
Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Share this Post