Оқу жылы — қуанышты хабармен басталды

Бүгін университеттің бірінші проректоры Ажидинов Акмалдин Сапардинұлы Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен «КӨК ТҮРІК ТАРЛАНДАРЫ» Қазақстан республикасы кубогының жеңімпазы Бауыржанқызы Сымбатты қабылдады. Сымбат университетіміздің «ҚҰҚЫҚТАНУ» білім беру бағдарламасының ІІ — курс білім алушысы. Бұл жолы студентімізді ректор бірнеше жеңісімен құттықтады. Атап айтар болсақ, Ташкент қаласында өткен
ерлер мен әйелдер арасында әмбебап жекпе — жектен Әлем чемпионатында 57 кг. салмақ І орындыжеңіп алды. Сонымен бірге, Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы әмбебап жекпе — жектен Қазақстан чемпионы атанған болатын. Университеттің бірінші проректоры Акмалдин Сапардинұлы – Сымбатқа жемісті күндерінің көп болуын тілеп, құттықтады. Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!
СЫМБАТ – біздің мақтанышымызсың.
ЖАРАЙСЫҢ!!!

Share this Post