ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЗ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ СӘН САЛТАНАТЫМЕН ТОЙЛАНДЫ

Наурыз — жыл басы. ОАИУ-нің ұжымы мен білім алушылары жаңа жылдық мерекені ауқымды көлемде атап өтті. Салт – дәстүр, ұлттық ойындар, марапаттаулар мен құттықтаулар, бай дастархан мен ән мен күй де осы мекемеден табылды бүгін. Мерекелік шараны ашып берген университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы – ұжымды әз Наурызбен құттықтап, наурыз мейрамының шығу тарихы мен мән- мағынасына кеңінен тоқталды. Мерекелік салтанатты шарада, университеттің дамуына өз сүбелі үлесін қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге арнайы Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен бірге, мерекелік шарада арнайы байқау ұйымдастырылып ЕҢ ҮЗДІК ұлттық киім, тағам,дастархан, көрініс тағы да басқа номинацияларға арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Құрметті университет ұжымы мен білім алушылары, Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>