ОАИУ үлкен өмірге сенімді жолдама береді

Орталық Азия Инновациялық университеті БҮГІН 24 ШІ РЕТ білім алушыларына есік ашты. Ия, 1998 жылы негізі қаланған оқу ордасының 24 — жыл үздіксіз студенттерін қабылдап, білім беріп,үлкен өмірге жолдама беретін университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы бүгін өз студенттерін құттықтады. Мерекелік іс — шараға Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Исахов Мағжан Шыңғысұлы арнайы қатысып, білім алушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында спортта жетістікке қол жеткізіп жүрген «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1- курстың екі білім алушысымен мен ҰБТ ең жоғарғы балл жинаған студентке 1 жылға ректордың ОҚУ ГРАНТЫ табысталды. Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Share this Post