ОАИУ – чемпиондар оқитын университет!

Бүгін ОАИУ – нің ректоры А.С. Ажидинов ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша Қазақстан чемпионы Мырзабеков Бақдәулетті қабылдады. Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысына Акмалдин Сапардинұлы сәттілік, жеңіс тілеп, арнайы құттықтады. Естеріңізге сала кетейік осы аптада
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі,
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен
ММА аралас жауынгерлік жекпе – жегі бойынша жастар арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өткені белгілі.
Біздің Орталық Азия Инновациялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 — курс білім алушысы МЫРЗАБЕКОВ БАҚДӘУЛЕТ 93 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І- ОРЫН иеленіп, ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ атанды. Бақдәулет қаңтар айының 22 жұлдызында БАӘ өтетін әлем чемпионатына сертификат жеңіп алғандықтан, алдағы уақытта бүткіл әлемді бағындыратын болады. Сәттілік тілейміз студентімізге!!!

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>