ОАИУ — білім алушыларының жұмыс берушілермен кездесуі

ОАИУ — білім алушылардың әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі
Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Орталық Азия инновациялық университетінің жақсы дәстүрі студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесулерін тұрақты түрде ұйымдастыру.
Осындай іс-шараның бірі 17 — наурыз күні Шымкент қаласы Таэквондо федерациясының президенті Мұханбетжанов Қазбек Нұрболатұлымен өткізілді.
Студенттерді түрлі сұрақтар қызықтырды. Қазбек Нұрболатұлы жұмыс шарттары, жалақы деңгейі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, жұмысқа орналасу кезінде қойылатын талаптар және жас маманның әлеуметтік кепілдіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Осындай кездесулердің мақсаты түлектерді жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету болып табылады.
Мұндай іс — шаралар бітіруші курс студенттері үшін жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алуға тамаша мүмкіндік болып табылады.

Share this Post