«Менің Отаным — Қазақстан»

22.10.2022 сағат 10:30-да  103 аудиторияда Тілдер және әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен   25 қазан — Республика күні мерекесіне орай  «Менің Отаным — Қазақстан»   тақырыбында  ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты студенттердің Қазақстан туралы білімін кеңейту, студенттерді  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында  өткізілді. 

Жауапты оқытушылар: Мамирова Ш.К., Турлыбекова И.А.

Share this Post