«Менің арманым» атты  жастар арасындағы бизнес–жобалық республикалық стартап байқауы

Орталық Азия Инновациялық университетінде  «Менің арманым» атты  жастар бизнес–жобасы республикалық стартап байқауының төртінші маусымы болып өтті. Байқаудың шарты бойынша бизнес-жобаларының жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұратындығы жарияланған болатын. Бірінші кезеңде бизнес–жобаларды іріктеп, олардың ішінен екінші кезеңге өткізу жоспарланған. Ал екінші кезеңде жеңімпаздар анықталады.      

Жоспар бойынша 19 сәуір күні бизнес–жобаларды іріктеудің бірінші кезеңі Орталық Азия Инновациялық университетінің екі институтында өтті. Стартап-жобалардың жартысы ХГТИ-да, қалғаны МСИ қабырғасында өтті. Халықаралық гуманитарлық–техникалық интитутында аталған байқаудың бірінші кезеңіне 23 жоба ұсынылды. Солардың ішінде 20 жоба аталған институтта білім алатын жастар атынан, қалғандары «Мирас» университетінің студенттері атынан берілген.

Бизнес–жобалар ішінде өте көңілге қонымды, қала тұрғындарын өзіне тарта алатын стартап бизнес–жобалар бар екендігі анықталды.

22 сәуір күні іріктеуден өткен стартап бизнес–жобалар жеңімпаздары анықталып, олар қаржылай сыйлықтармен марапатталады және болашақта бұл жобаларды қаржыландыру кәсіпкерлер тарапынан амалға асырылатындығы қолға алынады.

Share this Post