Мектеп түлегі ОАИУ білім грантын жеңіп алды!

Орталық Азия Инновациялық Университеті ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы БІЛІМ ГРАНТЫ үшін ХИМИЯ пәні бойынша олимпиада өз мәресіне жетті.
Сарыағаш ауданындағы мектеп бітіруші түлектер арасында өткізілген олимпиада екі кезеңнен тұрды. І — кезеңде оқушылар тест сұрақтарына жауап берсе, ІІ кезеңде 5 есеп берілген болаты. Жалпы Сарыағаш ауданында 70 мектеп бар. Сол мектептердің ішінен 47 мектептің 59 оқушысы қатысты. Алғашқы турдан 59 оқушының ішінен 10 қатысушы ІІ турға жолдама алған болатын. ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ бойынша БАС ЖҮЛДЕ және 4 жылға БІЛІМ ГРАНТЫ Сарыағаш ауданы Жылға ауылының № 44 Ғабиден Мұстафин атындағы орта мектептің окушысы НҰРЖІГІТ ЖҰЛДЫЗ БАҚТЫБАЙҚЫЗЫ ЖЕҢІП АЛДЫ., жетекшысі — Алтынбекова Розалия.
Білім грантын жеңіп алған мектеп оқушысын шын жүректен құттықтаймыз!

Share this Post