«Мектепке дейінгі балалардың таным процестерін дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбындағы семинар

Бүгін Орталық Азия инновациялық университетінде «Педагогика және білім беру технологиялары» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі балалардың таным процестерін дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар өтілді. Оған кафедра оқытушылары мен Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысты.
Семинар Ысқақ Бегман Саттарұлының жетекшілігімен әзірленген «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілі мен таным үдерісін (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял) дамытудағы заманауи проблемаларды шешудің ғылыми негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобаның тиімділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Жиында п,ғ,к, профессор Ысқақ Бегман, п,ғ,к, профессор Кенжебекова Рабиға, жаңартылған білім тренері Азбердиева Нағима мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Қожабаева Динара модераторлық жасады.
Балабақша меңгерушілері тарапынан алдағы уақытта МД ұйымдар мен университет арасында бірлескен ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Семинарға қатысушыларға сертификат таратылды.

Share this Post