«Көк тудың желбірегені» Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Бүгін, Орталық Азия инновациялық университетінің ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш конференцияның ұйымдастырушысы – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Конференцияда жарысөзге шақыртылған қатысушылардың жас ерекшелігі, ғылыми дәрежесі,қызметі әртүрлі болғанымен, жастарға айтар ойы бір арнада тоғысты. Тарихты ұмытпай, құндылықтарды сақтау, Тәуелсіз елді дамыту, идеология. Мәселен: Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалар кеңсесінің жоба жетекшісі Мырзабай Омар «Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі», М.Әуезов атындағы ОҚУ «Музей ісі» мамандығының 4 курс білім алушысы Ақан Беспаев «Тәуелсіздіктің жаңа толқыны жастар» сонымен бірге, ОАИУ-нің доценті,п.ғ.к., Мусабекова Гулнар Тәжібайқызы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан: 30 жылдың жетістігі» тақырыбында сөз қозғады. Шара соңын қорытындылаған ОАИУ-нің тәрбие істері жөніндегі проректоры Нұрлан Шахизиндаұлы білім алушыларды алдағы 1-желтоқсан тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бірлігі нық Қазақ жастарына сәттілік тіледі. Жалпы конференция модераторы «Оңтүстік» телеарнасының журналисті Рахат Арғынбай.

Share this Post