«КӨКТЕМ-FEST 2022» Халықаралық шығармашылық онлайн байқау

01.03.2022 ж. – 25.04.2022 ж. аралығында ОАИУ Филология кафедрасының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ 1-4 курс білім алушы арасында 41 студенті және оқытушы Мамирова Ш.К. Алматы қаласында өткен «КӨКТЕМ-FEST 2022» Халықаралық шығармашылық онлайн байқауына белсенді қатысты. Шығармашылық жұмыстары: авторлық шығармалар, презентациялар, бейнероликтер, коллаждар, билер, вокал, мәнерлеп оқу «Сәлем, Көктем!», «8 наурыз мейрамымен құттықтаймын!», «Наурыз құтты болсын!», «Көнілді Масленица», «3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні», «21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні», «24 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні» т.б. сияқты көктем тақырыптарында Халықаралық қашықтықтан оқыту орталығы тарапынан лайықты бағаланды. Нәтижесінде барлық болашақ мұғалімдер байқауда 1, 2, 3 орын алғаны үшін дипломдармен марапатталды, олар да он кубок және екі медаль, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мамирова Шарапат адал еңбегі мен жұмыста жоғары көрсеткіші үшін мақтау тізімге ие болды. Мұндай байқауларға қатысудағы басты мақсат – эстетикалық талғам дағдыларын дамыту және шығармашылық, бейімділік, төзімділік сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыру.

Share this Post