ЖӘРМЕҢКЕДЕН ТҮСКЕН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?…

Бүгін біздің білім алушыларымыз Шымкент қаласындағы «Кәусар» балалар интернатына арнайы барып, сондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Олар жәй ғана кездесіп қоймай, балаларға сый-сияпаттар алып барып, түрлі ойында ойнатып, бір күндерін балалармен қызықты өткізді. Көңілін көтеруге тырысты. Игі іс-шараға мұрындық болған – университеттің Тәрбие бөлімі мен Жастар ісі комитеті және де белсенді студенттер.
Естеріңізге салайық, кеше яғни қазан айының 27 – жұлдызында университет ішінде білім алушылардың өз қолдарымен пісірген тәттілерін сатудан «Tatty Party» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілген болатын. Жәрмеңкедегі саудадан түскен барлық қаражат қайырымдылық ісіне жұмсалатынын айтқанбыз. Бүгін осы игі шараны «Кәусар» балалар интернатынан бастадық. Келесі жолғы шара қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларды қамтитын боламыз.
Жақсылық жасап жарысатын біздің студенттерімізге мың алғыс!

Share this Post