ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ

Білім бөлімінің басшысы: Балабекова Дина Бүркітбайқызы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі нормативтік құжаттар

Орталық Азия Инновациялық Университеті екі сатылы «бакалавриат-магистратура»мамандарын даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен халықаралық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық-оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша-оқу мерзімі 1,5 жыл; 1 жыл жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу секторы үшін тереңдетілген ғылыми – педагогикалық даярлықпен кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

Магистратураның бейінді түрі өндіріске және мамандықтардың тиісті салаларына арналған тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибеден өтіп, магистрлік диссертацияны қорғайды.

Орталық Азия Инновациялық университетінің магистранттары ауқымды халықаралық байланыстар аясында жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында оқу мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта университет 7 мамандық бойынша магистрлерді қабылдауды жүзеге асырады, кадрларды дайындайды:

7М01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
7М01501 Химия
7М01502 Биология
7М01503 Математика
7М01504 Информатика
7М01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01702 Шет тілі: екі шет тілі
7М01703 Орыс тілі мен әдебиеті
7М02102 Дизайн
7М04101 Экономика

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 80, № 211 кабинет
E-mail: ageka1947@mail.ru