ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢА САБАҚ –ЖАҢА ИДЕЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1-қыркүйегіндегі «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауының 3-ші бөлімі «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» онда оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті қойды. Осы ретте, жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті. Заман талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білуі қажет. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы білім беруді дамыту тапсырмалары кезінде – «Білім сапасы жақсарса, тұтас ұлттың бәсекеге қабілетті артады, осы салаға салынған инвестиция болашақта еселеп қайтады. Жастардың табысқа жетуіне және ел игілігі үшін еңбек етуіне жол ашылады. Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру»,- деген болатын. Осыған орай университетімізде сапалы білім беру – заманауи талаптарына сәйкес инновациялық технологияның тың әдістерін қолдану мақсатында семинар өткізілді. Семинар тақырыбы — «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢА САБАҚ –ЖАҢА ИДЕЯ» деп аталды. Семинарды өткізген, мониторинг, сапа менеджмент жүйесі және аккредиттеу бөлім басшысының орынбасары, доцент Қылышбаева Гульнар Бакирамовна. Аталған семинарға университеттің проректорлары, профессор – оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері мен декандар қатысты.Шара барысында білім берудің инновациялық технологияның жаңа әдістері көпшілік назарына ұсынылды.

Share this Post