Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сонымен бірге ескі жылды қорытындылап ОАИУ-нің Кәсіптік одағы — университет ұжымына Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырды. Жаңа 2022 жылдың қарсаңында Орталық Азия инновациялық университеті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.В. Тургинбаеваның атынан университетте белсенділігімен көзге түскен, бірнеше профессор – оқытушылар мен қызметкерлерге «Құрмет грамотасынмен» марапаттады. Ұжымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған ректор А.С.Ажидинов қызметкерлердің отбасыларына амандық, береке, бірлік, табыстап тіледі.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Share this Post