Жас ғалымдар конференциясы болып өтті

Ағымдағы жылдың 13 – 14 – желтоқсан  күндері оқу орнымызда «Білім және кәсіби дағдылар — қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі бағдарлары» атты жас ғалымдардың халықаралық  ғылыми – тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Аталған конференцияға шет елдердің оқу орындарының өкілдері де қатысушы ретінде құттықтау сөздерін он-лайн режимінде жеткізді. Атап айтар болсақ, Кузбасс мемлекеттік кәсіптік білімді дамыту институтының ғылым жөніндегі проректоры, э.ғ.к. Н.П.Шубина біздің оқу орнымызбен тығыз байланыста жасап жатқан жұмыстар туралы айта келіп, бірге атқаратын жұмыстарға да тоқтала кетті. Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің каф. меңгерушісі техн.ғыл.докторы, доцент Д.Г.Ахметжонов оқу орнымызда өтіп жатқан конференцияның ашылуымен құттықтап, аталған іс – шараның ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар университет ректорының сәлемін де көпшілікке жеткізді.

Жалпы аталған іс – шараның пленарлық мәжілісінде 7 баяндама қарастырылды. Секциялық мәжілістер 13 – 14 желтоқсан күндері 7 секцияда жалғасын табады.

Конференцияның салтанатты жабылуында ғылыми – зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысып, жоғары деңгейде баяндама жасаған жас ғалымдар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Share this Post