Жасыл Түркістан: өңірді көгалдандырудың, көркейтудің жаңа мүмкіндіктері мен даму болашағы

Ағымдағы жылдың 26 – қазан күні Қ.А.Ясауи атындағы қазақ – түрік университетінде «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН: өңірді көгалдандырудың, көркейтудің жаңа мүмкіндіктері мен даму болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми – тәжірибелік семинар болып өтті.
Аталған семинарға Орталық Азия инновациялық университетінің ректоры А.С.Ажидинов пен Ғылыми зерттеу орталық басшысы М.И.Ақылбаев қатысып, Түркістанды көгалдандыру бойынша біздің университетіміздің ғалымдары да өз үлестерін қосатындвғы жайлы өз тілектерін білдірді. Осы мәселе бойынша Түркістан өңірінде тәжірибе ретінде құрылатын жасанды су қоймасы жобасына Ресей және Өзбекстан ғалымдары мен бірлесіп, біздің университетіміздің ғалымдары да ғылыми негіздеме жасауға атсалысатыны туралы өз ойларын жеткізді.

Share this Post