Жастар Президент Жолдауын талқылады

Ағымдағы жылдың 25-ші қазан күні Орталық Азия Инновациялық университетінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын кеңінен насихаттау үшін танымдық іс-шара болып өтті. Жолдауды жастармен талқылау үшін Шымкент қаласы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Оралбаева Зауре Абдухамитқызы арнайы қатысып, университет профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларымен кездесті.
Кездесу барысында алдымен университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы Жолдаудағы білім саласына кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, Зауре Абдухамитқызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жағдайдағы экономикалық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту сынды маңызды мәселелермен қатар білім саласын дамыту, оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға назар аудару қажет екенін айтып, толыққанды мәлімет берді.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>