Жалпы педагогика және психология кафедрасы

Жұмағұлова Гүлнар Шыңғысқызы
«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі
— психология ғылымдарының Кандидаты, аға оқытушы
ҚР білім беру Құрметті қызметкері. 2019 жылы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы. Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі.

Кафедра миссиясы

Кафедраның миссиясы — кең іргелі білімі бар, бастамашыл, заман талабына бейімделіп отыратын мамандарды даярлау. «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасында кәсіби дағдыларды сапалы меңгертуді қамтамасыз ету.

«Гуманитарлық пәндер» кафедрасы 1996 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды.
Төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
— Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (6В01301)
— Педагогика және психология (6В01101)
— Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (6В01201).

Құрылған сәтінен бастап кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Великотская Людмила Александровна (1996 — 1997 ж.ж.) басқарды; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгалиева Асия Губашқызы (1998 – 1999 ж. ж.); тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аликулов Еркінбек (01.01.1999 — 01.11. 1999 ж.ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сапарова Юлдуз Азимхановна (1999 — 2002 ж. ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы (2003 – 2004ж. ж.); тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Тұрмысбек Ахметұлы (2004 – 2005 ж. ж.); философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрасилова Гаухар Зұлпыхарқызы (2005 – 2006 ж.ж.); филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдахмет Құлахмет (2006 – 2008 ж. ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты Мұнашова Жәмиля Балқыбекқызы (2008-2009 ж. ж.); педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы (2009-2012 ж. ж.). 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жұмағұлова Гүлнар Шыңғысқызы басқарады.

Кафедраның беделді профессор-оқытушылар құрамы Педагогика және психология ғылымдарының докторлары, кандидаттары, магистрлерден тұрады. Қазіргі уақытта кафедрада 31 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 12 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 15 магистр құрайды.

Кафедра мүшелері ҚР педагогикалық білімі мен ғылымын дамытудағы еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Ы.Алтынсарин төсбелгісімен үш оқытушы, «Білім беру үздігі» төсбелгісімен алты оқытушы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен кафедраның төрт оқытушысы марапатталды.

Кафедраның кадрлық әлеуетінің оң динамикасының дәлелі — кафедраның 2 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болса, 2 оқытушы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академиктері болып табылады.

Құрылған күнінен бастап кафедрада өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан танымал педагогтар, білім ардагерлері жұмыс істеді. Олар: Керімов Сатай Керімұлы, Ахметов Тұрмысбек Ахметұлы, Беркімбаева Балымша Тәжібайқызы, Великотская Людмила Александровна, Есенғалиева Әсия Губашқызы, Сапарова Юлдуз Әзімханқызы.

Бүгінгі таңда кафедрада мүшелері п.ғ.д.Сихымбаев И.Б., ф.ғ.к. Нурахов Е.К., п.ғ.к.Мамбеталиев Т.М., п.ғ.к.Садирмекова Ж.Б. еңбек етіп, баға жетпес тәжірибелерімен бөлісуде. Кафедраның ғылыми өсуі кадрлық құрамды жетілдіруде, кафедраның көпжақты әдістемелік қызметінде байқалады.

Кафедраның көп аспектілі қызметі оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары бағытында жүзеге асырылады. Кафедрада кеңейтілген ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда өз жұмысы барысында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденістерінің нәтижелері, баяндамалары ұсынылды.

Кафедра ТМД және алыс шетелдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты жүзеге асырады, кафедра мүшелерінің көпшілігі халықаралық конференцияларға, халықаралық жобаларға белсенді қатысады. ҒЗЖ нәтижелері оқу процесінде пайдаланылады — дәрістік және зертханалық–практикалық сабақтардың мазмұнында қамтылады. Кафедра әртүрлі әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Кафедра студенттері жыл сайынғы студенттік конференцияларға белсенді қатысады, институт және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болуда.

Кафедраның имиджін қалыптастыру мақсатында ЖОО-мен және шетелдермен халықаралық серіктестік қарым-қатынастарды орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Кафедрада Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетімен (Ресей Федерациясы, Тамбов қ.) бірлескен білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша жобаны дайындау бойынша «Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ үшін жұмыстар жүргізілуде.

Кафедраның ПОҚ Тамбов мемлекеттік университетінің ғылыми-практикалық конференцияларында бірлескен жарияланымдары бар. «Педагогика және психология» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» БББ үшін Кубан мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университетімен шарт жасалды (01.09.2019 ж. шарт). «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Джумагулова Г. Ш. Нуржанова Г., Бейсекова Р.Т., Жәнібекова Г.О. Кубан мемлекеттік дене шынықтыру және туризм университетінің «Дене шынықтыру, спорт-ғылым және тәжірибе» ғылыми – әдістемелік журналында ғылыми мақала жариялады.

Кафедра түлектері аймақтың әртүрлі оқу орындарында және Қазақстан Республикасының әртүрлі оқу орындарында табысты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, кафедра студенттері заманауи психологиялық-педагогикалық білімді игерудің арқасында үздік нәтижелер көрсетіп, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады.

Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен және олардың жұмысқа қабылдау талаптарымен бірлесіп қалыптастырылады. Егер статистикаға жүгінетін болсақ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы түлектерінің 90% — ы және «Педагогика және психология» мамандығының 80% — ы ресми түрде жұмысқа орналасқанын атап өтуге болады. Бұған институт дәстүрлі түрде облыстың жұмыс берушілерінің қатысуымен өткізетін» Бос орындар жәрмеңкесі » ықпал етеді, олар ЖОО-ның болашақ түлектеріне кеңес береді және бос орындарға енгізеді. Жұмыс берушілердің көпшілігі және олардың өкілдері біздің институттың түлектері болып табылады.

Кафедра түлектері жоғары мектептің стандарттары мен озық дәстүрлеріне сәйкес ғылыми біліммен қаруланады. Олар құзыретті және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар шығарады.

2021 жылдың наурыз айынан бастап екі жоғары оқу орнын біріктіру арқылы қайта құру нәтижесінде академик Мардан Сапарбаев атындағы Институт пен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет «Орталық Азия Инновациялық Университеті»болып қайта құрылды. «Гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра келесі бағыттар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:

6В01301 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы — жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, педагогикалық процесті жобалау мен ұйымдастыруда кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, бастауыш деңгейдегі жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау; субъективті қызметті ұйымдастыруда, жалпы мәдениетті қалыптастыру процесін басқару және бастауыш мектеп оқушыларының тұлғасын дамыту;
6В01301 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлектері орта білім беру мектептерінде, гимназияларда, лицейлер мен колледждерде және т. б. жұмыс істей алады.

6В01101 — «Педагогика және психология»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы — ғылыми-педагогикалық зерттеуді, психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; педагогика мен психологияны оқыту әдістемесі туралы түсініктерді қалыптастыру. Педагогика және психология саласында кәсіби дағдыларды сапалы меңгеру үшін білікті мамандарды даярлау;
6В01101 – «Педагогика және психология» мамандығының түлектері балабақшада, мектепте, колледжде және т. б. жұмыс істей алады.

6В01201 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01201 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы — мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие-білім беру қызметінің дағдыларын меңгерген жаңа формациядағы мамандарды даярлау, мектепке дейінгі педагогика саласында негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының түлектері мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші және білім беруді басқару департаментінің жетекші мамандары болып жұмыс істей алады.

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  2021-2022 оқу жылы

Аты-ЖӨНІ
ғылыми дәрежесі,
ғылыми, академиялық атағы
1
Абдухаимов Е. Ф.
т. ғ. к
доцент
2
Абашева П. А
к. п. н.
аға оқытушысы
3
Байдибекова А. У.
магистр
оқытушы
4
Балқыбекова Ы.Б
ф.н
доцент
5
Бейсеков Р. Т.
 
аға оқытушысы
6
Бектурсунова Т
магистр
оқытушы
7
Джумагулова Г. Ш.
к. пс.н
аға оқытушысы
8
Исраилова Г. А
магистр
оқытушы
10
Есимова, А. Е.
 
аға оқытушысы
11
Есмұратова У. А.
магистр
оқытушы
12
Жолдасбек А. С.
магистр
оқытушы
13
Жанибекова Г. О.
магистр
оқытушы
14
Құдайбергенова М. Б.
к. п. н.
аға оқытушы
15
Қастаев С. Қ
магистр
оқытушы
16
Қатыш Ә.Қ
магистр
оқытушы
17
Коваленко И.
к. п. н.
аға оқытушысы
18
Түсеев М. У
магистр
оқытушы
19
Матаева С. Р.
к. п. н.
аға оқытушысы
20
Т. М. Мәмбеталиев
к. п. н.
доцент
21
Мунашова Ж. Б.
к. п. н.
аға оқытушысы
22
Нурахов Е. Б.
ф.н
аға оқытушысы
23
А. Т. Ізбасханов
к. п. н.
аға оқытушысы
24
Сәдірмекова Ж. Б.
к. п .н.
доцент
25
Сихымбай И. Б.
д. п. н.
профессор
26
Сұлтанова Н.Ж.
магистр
оқытушы
27
Сұлтанов, Ө. С
магистр
оқытушы
28
Ускенбаева А.
магистр
оқытушы
29
Смағұлова А. З.
магистр
оқытушы
30
Тотикова Г. А
магистр
оқытушы
31
Таңсықбаева И. Қ
магистр
оқытушы
32
Тастанов Е. А.
к. б.н
доцент
33
Шалхарбекова Н.Ал
PhD докторы
аға оқытушысы

Авторлық құқық

                                                                                               Абдухаимов Е. медаль

Қарашаның 13-14 жұлдызы аралығында  2021 жылы Түркияның Анталья қаласында «Анкара» мемлекеттік университеті (Анкара қ., Түркия), CAG университеті (Адана қ., Мерсин провинциясы, Түркия) және ASTANA PUBLICATIONS халықаралық баспасы ұйымдастырған «Әлеуметтік ғылымдар және халықаралық құқық» атты Халықаралық Симпозиум өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен  симпозиум жұмысына «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мүшелері пс.ғ. к. Джумагулова, п.ғ.к. Мунашова Ж. Б., аға оқытушы Есимова А. Е. белсенді қатысты. Симпозиум әлеуметтік ғылымдар мен құқық саласындағы түрлі мәселелерді қамтыды. Симпозиум жұмысына Әзірбайжан, Иран, БАӘ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және т.б.  түрлі мемлекеттердің ғалымдары  қатысты.Симпозиумда түрлі офлайн-онлайн презентациялар, бейне фильмдер және т.б.материалдар ұсынылды. Пс.ғ.к.Г.Ш.Джұмағұлова «Психологиядағы заманауи инновациялық үрдістері» тақырыбында қызықты және мазмұнды баяндама жасады. Баяндама қатысушылардың білім берудегі инновациялық әдістерге, үлкен ықыласын туындатып, көптеген сұрақтар қойылып, дискуссия орын алды А. Е. Есимова мен Ж. Б. Мұнашованың «Мәңгілік ел» — түркітілдес халықтарының рухани құндылығы», бұл мақала  симпозиум қатысушылары үлкен зейінмен тыңдап, қызығушылық  танытты.Симпозиум қатысушылары  білім берудің және жалпы қазіргі әлемнің жаһандық ең өткір және өзекті мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасу және диалогтар мен дискуссиялар көп орын алынғаны байқалды.Г.Ш.Джумагулова, А.Е.Есимова, Ж.Б.Мунашова баяндамалары сертификаттармен марапатталды.Аталған оқытушылар 72 сағат көлемінде Халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.Бұл сертификаттармен расталады. Симпозиумда баяндамалар ағылшын, араб, түрік, орыс, қазақ, өзбек тілдерінде ұсынылды.Халықаралық танымал  Astana PUBLICATIONS баспасы Симпозиум Еңбектері жинағында жариялайды. Сонымен қатар конференцияның мақалалары мен баяндамаларын ASEAD және Public Law Archive журналдарында жариялау жоспарлануда.

5 наурыз күні «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының ПМНО 20-1 тобының ұйымдастыруымен «Қыз –еркем,қылығымен көркем!» атты меркелік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің тарихымен таныстыра отырып, қыздардың бойында икемділік, сымбаттылық, инабаттылық, ақылдылық, ізеттілік қасиеттерін дамыта отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

11.03.2021ж. Гуманитарлық пәндер кафедрасы“Ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім берудің педагогикалық-психологиялық мәселелерінің шешу жолдары” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізді.

7 сәуір 2021 жылы «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы және заманауи білім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты:Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының өнер-біліміне қосқан педагогикалық шығармашылығын насихаттай отырып,әңгімелері арқылы студенттерді имандылыққа, адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

14.04.2021ж.  күні Ы.Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына байланысты «Кел балалар оқылық» тақырыбында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері арасында пәндік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты: Қазіргі заманауи бастауыш сынып мұғалімдерінің бейнесін көру арқылы педагогикалық шеберліктерін байқау болатын. Біздің болашақ мамандарымыз өздерінің әмбебап екендерін көрсете білді.

Сәуір айының 22-сі күні  «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Ускенбаева А.С. «Адалдық адамдықтың белгісі» тақырыбында ПМНОк 20-2 тобының стуленттерімен тәрбие сағатын ткізді.Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі». Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге адалдық, шындық туралы түсінік беру, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін — бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

https://youtu.be/XhAD6gFDoqE — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы ПМНОк 20-1 тобының студенттері Төле би ауданындағы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан балалар уйіне барып, «Жетім көрсен-жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық қорын жасап қайтты. Студенттердің бұндай қайырымдылығы үшін «Жалпы педагогика және психология» кафедра ұжымы алғыс білдірді.

28.05.2021 күні Республикалық көлемде өтілген стартапқа ПМНО 19-1 тобының білім алушысы Теміржан Назерке Бауыржанқызы «Brend Nazerke» тақырыбындағы жобамен қатысып, 1-ші орынды иеленді. «Brend Nazerke» жобасының мақсаты — ұлттық нақышта халықтың қолы жетімді бағада қазақи үлгідегі көрпе, құрақ көрпелер, сапалы киімдер дайындау. Осы негізде қазақ халқының ою өрнегін дәріптеу.

2021 жыл 1- қыркуйекте «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 1,2,3,4 курс білім алушылыры топ тәлімгерлерімен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ҚР Президентінің Жолдауын тәрбие сағатында талқылады. Жолдауда айтылған пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді эко жүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы туралы сөз қозғалып, білім алушылыр Жолдаумен толық танысып, оның орындалуына мемлекет азаматы ретінде жауапкершілігін сезініп, бір ауыздан қолдайтынын білдірді.

Қыркүйектің 29-ы күні сағат 11.00-де «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діннің қоғамдағы функциялары» тақырыбында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы, Дін істері басқармасы зерттеу орталығының қызметкері Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы қатысып, білім алушыларға қоғамдағы діннің маңызы мен алатын орны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы діни ағымдар жөніндегі мәселелерге тоқталып өтті

Қарашаның 13-14 жұлдызы аралығында 2021 жылы Түркияның Анталья қаласында «Анкара» мемлекеттік университеті (Анкара қ., Түркия), CAG университеті (Адана қ.,Мерсин провинциясы, Түркия) және ASTANA PUBLICATIONS халықаралық баспасы ұйымдастырған «Әлеуметтік ғылымдар және халықаралық құқық» атты Халықаралық Симпозиум өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен симпозиум жұмысына «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мүшелері пс.ғ. к. Джумагулова, п.ғ.к. Мунашова Ж. Б., аға оқытушы Есимова А. Е. белсенді қатысты.

Қараша айының 24 күні «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде» өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның даму белестері» тақырыбында өткізілген студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының білім алушысы Жумангалиева Арай «Шетелдегі қандастар» тақырыбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының білім алушысы Шағайдулла Айгерім «Ашаршылық — азалы жылдардың атасы» тақырыбында баяндама дайындап, белсене қатысты. Конференция барысында өздерінің зейінділігімен, білімділігімен ерекшеленіп Жұмангалиева Арай 2-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды және Шағайдулла Айгерім 3-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды.

2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы тұлғасы-Елбасы» тақырыбында кітапханада іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты :Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Білім алушылар Елбасының еңбектерінен кітап көрмесін тамашалап,еңбектерімен танысты.Сондай –ақ,өлеңдер оқылды,көрініс көрсетіліп,күй тартылып,ән де шырқалды.

Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев институты Шымкент қаласы спорт басқармасымен бірігіп 2021 жылдың 1 желтоқсанда «Тұңғыш президент күні» және «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай Шымкент қаласындағы Дендросаябағында ұйымдастырылған веломарафонға кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысып, белсенділік танытты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсанның 3 күні «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының білім алушыларының белсене қатысуымен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: «Қазақстан Республикасының егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында ел

басынан өткізген қиын қыстау кезеңдері мен ата бабаларымыздың тәуелсіздік үшін аянбай жасаған ерліктерін» баяндау, насихаттау. Іс шара барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетті және тарихи виктариналық сұрақтарға жауап берді. 1986 жылғы «Ызғарлы Желтоқсанның» құрбаны болған Сәбира Мұхамеджановаға байланысты қойылым қойылды.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Рустемова Айгуль Мақсатбекқызы 03.12.2021ж 15:00де Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушыларымен Отбасы-мемлекет құндылығы,қоғам бірлігі екенін ескере отырып,отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы қоғамының тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай факультет тарапынан білім алушылардың Отанына деген патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сонымен қатар әлем таныған көркем жерлерін, ЭКСПО-2017 инфротуристік құрылымын көркемдеп, өз қолдарымен жасаған макеттерін, бұйымдарын ұсынды.

“Психология күні” мерекесіне орай “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы ППк18-1 тобының білім алушылары ізгі тілектерімен керемет көңіл күй сыйлап, оқытушылар мен білім алушыларды күтіп алды.“Психология күні” мерекесіне оқытушылар мен “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4, 2 курс білім алушылары психологиялық ойындар мен тренингтер өткізді.

День психолога

“Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы А.С.Ускенбаева өз кезегінде ППк19-1 тобымен “Психология – ғажайып ғылым” атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында кең ауқымды Психология ғылымы туралы сөз қозғалып, білім алушылар мен оқытушыларға мотивациялық тренингтер мен ойындар жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/CX_IkFmonhD/ — «Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы Д.Т.Бектурсунованың ұйымдастыруымен ППк20-1, ПМНО20-1 топ білім алушылары Академик Мардан Сапарбаев институтының барша білім алушылары мен оқытушыларын келе жатқан “Жаңа 2022 жыл” мерекесімен құттықтап, керемет концерт өткізді. Ән айтылып, би билеп, әр елді саяхаттап жүрген Аяз ата мен Барысты институтымызға шақырып келіп, Жаңа жыл мерекесін ашып берді.

Қазіргі уақытта кафедраның ПОҚ «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мәнмәтінінде білікті педагог кадрларды даярлау»  ғылыми бағыты бойынша жұмыс істейді.Ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіруде, білім беру бағдарламаларын және оларды жетілдіруде белсенді атсалысып,  қатысады.

Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 25.01.2022 ж. халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Онда оқу ісі жөніндегі проректор т.ғ.к. доцент Игнашова Л.В. және «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі пс.ғ.к. Жұмағұлова Г.Ш. сөз алды. Негізгі баяндамашы п.ғ.к. Мунашова Ж.Б. «Педагогикалық шеберлік негізі» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар туындады. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Қазақстандағы білімді дамыту үшін дуалды оқыту – кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың жаңа түрі.
Шымкент каласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бастауыш оқытудың педагагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары «Дуальдық оқыту жүйесі» негізінде кәсіби біліктері мен дағдыларын шыңдау мақсатында, Дефектолог У.А.Есмуратованың жетекшілігімен есту кабілеті бұзылған балалардың оку процесіне қатысып, жұмыс жоспарларымен және есту аппараттарының кұрылыстарымен танысып, іскерліктерін дамытты.
Біздің мақсатымыз – жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау, яғни алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын және педагогикалық білім беру жүйесінде әлемдік бəсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуына үлес қосу.

Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 03.02.2022 ж. халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Онда оқу ісі жөніндегі проректоры т.ғ.к. Игнашова Л.В., ғылыми зертеу ісі бойынша проректоры э.ғ.к. доцент Казанбаева Ж.С. және «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры Сихымбаев И.Б. кафедра меңгерушісі пс.ғ.к. Жұмағұлова Г.Ш. сөз алды. Негізгі баяндамашы п.ғ.к. Коваленко И.В. «Технология традиционных и нетрадиционных учебных занятий в колледже, ВУЗе» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар туындады. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

10.03.2022 ж. Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Негізгі баяндамашы Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) докторы, п.ғ.к. доцент Р.С. Нусупова «Маалымат коммуникация технологияларын башталгыч билим берүүдө колдонуу (Бастауыш білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану)», оқытушы А.К.Шишкараева «Педагогикалық қақтығыс және оны шешу жолдары» тақырыптары бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класста көптеген инновациялық технологиялар туралы сөз қозғалды. Мастер –класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар талқыланды. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 ақпандағы №65 бұйрығы «Философия докторы (PhD) дәрежесінің» тағайындалуымен Тотикова Гүлдана Арынқызын құттықтаймыз!!!

2021 жылдың 1 қазанында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1,2,3 курс студенттері мұғалімдер мерекесіне орай «Ұстаз-Мәңгілік нұрдың қызметі»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, би биледі.

https://youtu.be/XhAD6gFDoqE — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы ПМНОк 20-1 тобының студенттері Төле би ауданындағы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан балалар уйіне барып, «Жетім көрсен-жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық қорын жасап қайтты. Студенттердің бұндай қайырымдылығы үшін «Жалпы педагогика және психология» кафедра ұжымы алғыс білдірді.

2021 жыл 1- қыркуйекте «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 1,2,3,4 курс білім алушылыры топ тәлімгерлерімен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ҚР Президентінің Жолдауын тәрбие сағатында талқылады. Жолдауда айтылған пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді эко жүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы туралы сөз қозғалып, білім алушылыр Жолдаумен толық танысып, оның орындалуына мемлекет азаматы ретінде жауапкершілігін сезініп, бір ауыздан қолдайтынын білдірді.

Қыркүйектің 29-ы күні сағат 11.00-де «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діннің қоғамдағы функциялары» тақырыбында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы, Дін істері басқармасы зерттеу орталығының қызметкері Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы қатысып, білім алушыларға қоғамдағы діннің маңызы мен алатын орны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы діни ағымдар жөніндегі мәселелерге тоқталып өтті

Қараша айының 24 күні «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде» өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның даму белестері» тақырыбында өткізілген студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының білім алушысы Жумангалиева Арай «Шетелдегі қандастар» тақырыбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының білім алушысы Шағайдулла Айгерім «Ашаршылық — азалы жылдардың атасы» тақырыбында баяндама дайындап, белсене қатысты. Конференция барысында өздерінің зейінділігімен, білімділігімен ерекшеленіп Жұмангалиева Арай 2-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды және Шағайдулла Айгерім 3-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды.

2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы тұлғасы-Елбасы» тақырыбында кітапханада іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты :Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Білім алушылар Елбасының еңбектерінен кітап көрмесін тамашалап,еңбектерімен танысты.Сондай –ақ,өлеңдер оқылды,көрініс көрсетіліп,күй тартылып,ән де шырқалды.

Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев институты Шымкент қаласы спорт басқармасымен бірігіп 2021 жылдың 1 желтоқсанда «Тұңғыш президент күні» және «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай Шымкент қаласындағы Дендросаябағында ұйымдастырылған веломарафонға кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысып, белсенділік танытты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсанның 3 күні «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының білім алушыларының белсене қатысуымен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: «Қазақстан Республикасының егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында ел

басынан өткізген қиын қыстау кезеңдері мен ата бабаларымыздың тәуелсіздік үшін аянбай жасаған ерліктерін» баяндау, насихаттау. Іс шара барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетті және тарихи виктариналық сұрақтарға жауап берді. 1986 жылғы «Ызғарлы Желтоқсанның» құрбаны болған Сәбира Мұхамеджановаға байланысты қойылым қойылды.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Рустемова Айгуль Мақсатбекқызы 03.12.2021ж 15:00де Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушыларымен Отбасы-мемлекет құндылығы,қоғам бірлігі екенін ескере отырып,отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы қоғамының тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай факультет тарапынан білім алушылардың Отанына деген патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сонымен қатар әлем таныған көркем жерлерін, ЭКСПО-2017 инфротуристік құрылымын көркемдеп, өз қолдарымен жасаған макеттерін, бұйымдарын ұсынды.

“Психология күні” мерекесіне орай “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы ППк18-1 тобының білім алушылары ізгі тілектерімен керемет көңіл күй сыйлап, оқытушылар мен білім алушыларды күтіп алды.“Психология күні” мерекесіне оқытушылар мен “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4, 2 курс білім алушылары психологиялық ойындар мен тренингтер өткізді.

День психолога

“Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы А.С.Ускенбаева өз кезегінде ППк19-1 тобымен “Психология – ғажайып ғылым” атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында кең ауқымды Психология ғылымы туралы сөз қозғалып, білім алушылар мен оқытушыларға мотивациялық тренингтер мен ойындар жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/CX_IkFmonhD/ — «Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы Д.Т.Бектурсунованың ұйымдастыруымен ППк20-1, ПМНО20-1 топ білім алушылары Академик Мардан Сапарбаев институтының барша білім алушылары мен оқытушыларын келе жатқан “Жаңа 2022 жыл” мерекесімен құттықтап, керемет концерт өткізді. Ән айтылып, би билеп, әр елді саяхаттап жүрген Аяз ата мен Барысты институтымызға шақырып келіп, Жаңа жыл мерекесін ашып берді.

2022 оқу жылының 2 наурызында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында оқытушы Н.Ж. Айткулованың жетекшілігімен «6B01301 — Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша І курс студенттері үшін «Көркем жазуға оқыту технологиясы» пәні бойынша «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: қазақ тілі» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізілді. тіл тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті».
Ашық семинар сабағы қазақтың ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын және оның баға жетпес еңбектерінің маңыздылығын еске алу мақсатында өткізілді. Ұлы ғалым және оның еңбектерінің ізі қазақ халқының ұлттық рухында бүкіл ұрпақты тәрбиелеудің негізі ретінде қазіргі педагогика ғылымында қалады.

16.03.2022 ж. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдағына орай кафедрамыздың оқытушысы А.У.Баидибекова ПМНОк20-2 тобымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік рухында тәрбиелеу. Студенттер ән айтып, би билеп, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен қойылым көрсетті. Ашық тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өткізілді.

Ынтымақтастық

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі: оқу, педагогикалық, диплом алдындағы практика.

Кәсіптік практиканың әрбір түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы болады, соның негізінде кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.

Білім алушылардың  тәжірибесін басқару процедурасы мыналарды қамтиды:

  • практиканы өткізу орындарының болуы туралы ақпаратты талдау;
  • өткізу орны бойынша практикаларды жоспарлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • бітіруші кафедралардың практикаларды орындауын ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу;
  • студенттерді практика өтетін орындарға бөлу;
  • тәжірибе нәтижелерін бағалау.

Практика базасын таңдаудағы басымдық мектептер мен лицейлердің, сондай-ақ балабақшалардың жоғары рейтингі болып табылады. Практика базаларының жоғары білікті кадрлармен жасақталуы. Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасы. Жалпы халық арасында жоғары сұраныс бар.

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының практика базалары:

6В01301 — «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

  1. №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназия
  2. №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп
  3. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицей
  4. №15 Д.Менделеев атындағы мектеп-лицей
  5. №59 атындағы жалпы орта мектеп
  6. №9 О.Жолдасбеков атындағы мектеп-лицей
  7. №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназия
  8. №77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицей
  9. AL-FARABI академиялық мектебі
  10. «Tengri International School»

6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

  1. «Ажар Ана-2017» бөбекжай-балабақшасы
  2. «Дария-Марс» бөбекжай-балабақшасы
  3. «Бөбек» бөбекжай-балабақшасы
  4. «Ай-Таңнұры» бөбекжай-балабақшасы
  5. «Жасұлан» бөбекжай-балабақшасы