Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шараны өткізді. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» деп аталған іс- шараға қатысқан профессор – оқытушылар мен білім алушылар Тәуелсіздік құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жариялады. Сахналық қойылымнан үзінді келтіріп,өлең шумақтарын оқыды. Тұғыры биік Тәуелсіздікті дәріптеп, университетте жұмыс істейтін Тәуелсіздіктің құрдастарын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Бүгінгі күні арналған құттықтаулар да, әнмен би де,арнаулар мен жыр шумақтары да осы Тәуелсіздікке арналды.

Share this Post