Біздің студенттер шахматтан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

20 жасқа дейінгі және 20 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында ШАХМАТТАН жастар арасындағы БАТЫС АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ аяқталды. Бұл чемпионатқа Орталық Азия Инновациялық Университетінің екі бірдей білім алушысы қатысып,жүлдемен оралды.
Бүгін, университеттің бірінші проректоры Акмалдин Сапардинұлы екі спортшымыз СҰЛТАНБЕК ЗЕЙНЕП (күміс жүлде иегері) пен ӘБІЛХАИР ӘБІЛМАНСҰР ҚАЙРАТҰЛЫН (20 жасқа дейін ұлдар арасында классикадан 3 — орын, рапидтен 2 — орын) қабылдады.
Бір спорт түрінен екі салмақ дәрежесінде жеңіспен оралған студенттерімізге университет басшысы сәттілік тіледі. БҰЛ ЖЕҢІС — «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасында оқитын білім алушыларымыздың тағы да бір мықты екенінің дәлелі.

Share this Post