Білім алушылар жұмыс беруші «Отбасы»Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетіннің «экономика», «қаржы»,»есеп және аудит», «мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушылары жұмыс беруші болып табылатын «Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ. Қызметкерлерімен кездесу өткізді.
«Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ өкілі»Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кенесшісі Аяжанова Айбарша банк саласында қызмет атқаратын және қазіргі кездегі ұзақ мерзімді несие саласы туралы,тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі туралы айта келіп, жұмыс орнындағы бос жұмыс орындарына қызметке шақырды. Студент пен жұмыс берушінің арасындағы байланысты нығайта түсуге «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі мұрындық болды.

Share this Post