БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

«Жемқорлықсыз болашақ»
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бас маманы Жазира Әлжанова мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қаратау аудандық филиалының басшысы Төленбай Бекзат бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің оқытушы құрамы мен білім алушыларына маңызды тақырыпта дәріс оқыды.
Кездесудің басты мақсаты – ұжымда және жастар бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында департамент өкілдерінің қатысуымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Іс-шара еркін форматта өтіп, адал жолмен жетістікке жету бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Жастарға берері мол кездесуде спикер қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Share this Post