Білім алушыларымыз ақпараттық құқықтық «Заң» деректер базасымен танысу семинарына қатысты

Ағымдағы жылдың 17 — наурызы күні ОАИУ-ң мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалының бас мамандары: Тұяқбай Айгүл Нұрланқызы және Жумабаев Дінмұхамед “Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты” деректер базасын қалай қолдану туралы қысқаша бейнепрезентация өткізді. Аталмыш шараға қатысушылар ОАИУ-нің кітапхана қызметкерлері мен “Қазақстан тарихы және құқықтану” кафедрасының ұжымы. Жалпы ақпараттық — танымдық шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — білім алушыларымызды осы ақпараттық құқықтық «Заң» деректер базасымен таныстыру. Деректер базасынан ақпарат алу үшін университетіміздің кітапхана сайтында zan.kz базасына тікелей кіруге мүмкіндік жасалынғанын да осы ретте айтып өтейік. Білім алушылар өткізілген бейне презентациядан қажетті мағлұмат алды.

Share this Post